Қаңтар оқиғасы. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың саусақ іздері қалай тексеріледі?

2 Ақпан 2022, 16:30
2322
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың саусақ іздері қалай тексеріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисі Алмас Далабаев айтты. 

Сот-сараптамалық зерттеулер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімге сәйкес, күрделілік дәрежесіне қарай жүргізіледі. Сот сараптамасын жүргізудің ең ұзақ мерзімі  - 15 күн. Ішкі істер бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімшелерінде ғылыми-техникалық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу объективті, бекітілген әдістерге сәйкес жүргізіледі, - деді Далабаев. 

Ол қаңтар оқиғасына қатысты зерттеу қалай жүргізілетінін айтты. 

Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан ұсталғандардың қол іздері, баллистикалық заттар, биологиялық үлгілер, басқа да заттай дәлелдемелер ІІД жедел криминалистикалық бөлімшелерінде жүргізілетін сот-медициналық құжаттар бойынша тексеріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптамамен қатар сот сараптамасын да тағайындайды.Сот сараптамасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері жүргізеді, - деді Алмас Далабаев. 

Ол атағандай, сот сараптамасын жүргізу 2017 жылғы 10 ақпандағы «Сот-сараптама қызметі туралы» заңымен реттеледі. 

Сот сараптамасының ұзақтығы отыз күннен аспауы керек.

Өзгелердің жаңалығы