Қаңтар оқиғасы бойынша 545 адам сотталды

18 Шілде 2022, 15:34
1453
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы бойынша 545 адам сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

Оның айтуынша, қазір 349 күдікті қамуда отыр. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, қаруларды жымқыруға, мемлекеттік нысандарға және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсенді түрде қатысқаны анықталған. 

Әрбір қамауға алынған адам бойынша олардың қылмысқа қатыстылығы туралы мәліметтер жеткілікті. Қаңтар оқиғалары бойынша сотқа барлығы 479 қылмыстық іс жолданып, олар бойынша 545 адам сотталды. Нақты бас бостандығынан айыру жазасын билік өкілдеріне қатысты күш қолданған, мүліктерді зақымдауға байланысты ауыр қылмыстарды жасағандар, сондай-ақ залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 83 сотталушы алды,-деді Қилымжанов.

Сонымен қатар ол процестік келісім институты кеңінен қолданылып жатқанын жеткізді. Аталған рәсім шеңберінде Ақтөбе облысында 3 күдіктіге қатысты айыптау үкімі қолданылған. 

Анықталған мән-жайларға сәйкес 5 қаңтарда аталған адамдар бұғаттау және қызметті тоқтату арқылы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайын басып алған. Соның салдарынан стратегиялық нысанның жұмысы екі тәуліктен астам мерзімге тоқтатылып, ішкі және халықаралық рейстер кешіктіріліп, айтарлықтай залал келтірілген. Сотпен олар түрлі жазаларға сотталды,-деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы