Қаңтар оқиғасы. 2 750 қылмыстық іс тергеліп жатыр – Бас прокуратура

4 Ақпан 2022, 20:10
1767
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. 2 750 қылмыстық іс тергеліп жатыр – Бас прокуратура
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, Бас прокуратура қаңтар оқиғасында болған қылмыстардың тергелуін, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен заңдылықтың сақталуын қадағалауды жалғастырып келеді.

Бүгінгі күні 2 750 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, 91 тұлғаға бұлтартпау шаралары қолданылды. Қамауға алынғандардың 113-і кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін бұрын сотты болған. Сондай-ақ радикалды діни ағымдардың жақтаушыларды, - деді прокурор.

Өзгелердің жаңалығы