Қант жоқ-жоқ деп айта беруге болмайды - Сауда министрі

26 Шілде 2022, 14:15
2269
Бөлісу:
Қант жоқ-жоқ деп айта беруге болмайды - Сауда министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қант тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді.  

Қант жоқ-жоқ деп айта беруге болмайды. Жоқ деп айтқаннан, халықта сөз барғой халва-халва деген сайын аузыңда тәтті болмайды. Қант жоқ деп айта берсек, халық бұған сеніп, дүбелеңге басады. Мен екі апта бұрын ірі желіге барып қант сатып алдым. Онда бағасы 470 тг болған. Қазір ақпарат бойынша қант бағасы 480 теңге. Бәрін көріп, біліп отырмын. Мен өзім шәй ішкенде қант қолданбаймын, балмен қосып ішемін, - деді Сұлтанов орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ет бағасының өсуіне еш негіз жоқ екенін атап өтке еді.

Делдалдар туралы айтып кеткеніміз жөн. Өйткені бүгінгі күні тауар өндіруші фермерлерден еттің бағасы орташа есептегенде 900 теңгеден алынады. Ал нарыққа жеткенше монополиялар басқа делдалдар арқылы баға өсіп отыр. Бұл жағынан министрлік тиісті жұмысты істеп жатырмыз. Нарық иелеріне жауапкершілік арттыру жағынан заңнамалық өзгерістерді енгізіп отырмыз. Және де жергіліктіі органдармен бірлесіп, кішігірім сауда-дүкендерінде бақылау жүргізілуде, - деді Бақыт Сұлтанов. 

Өзгелердің жаңалығы