Қант тағы да қымбаттауы мүмкін бе?

27 Маусым 2023, 12:22
774
Бөлісу:
Қант тағы да қымбаттауы мүмкін бе?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Былтырғыдай қан тапшылығы болмай ма? Бұл сұраққа Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде қант өндірісі Ресейге қарағанда қымбат. Әзірше ресейлік қант арзан, дегенмен біз жағдайды қалыпта ұстауды жөн көрдік. Отандық қант зауыттарын қолдау шаралары қаралып жатыр. Әзірге қант бағасының өсуіне жол бермеу үшін өндірушіні субсидиялау нұсқасын ғана қарастырамыз, - деді Серік Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, мәселені ұзақмерзімді жоспар тиімді.

Әрине, қазір жағдай жақсы, қантта арзан. Бірақ біздің зауыттар қоймадағы қантты сата алмай отыр. Себебі өндіріс құны өте қымбат. Өйткені шикі қант биржаларда қатты қымбаттады. Қант тапшылығы қаупі жоқ, ал қымбаттау мәселені қайта қараймыз, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы