Қанша қазақстандықтың коронавирустан жазылғаны белгілі болды

14 Желтоқсан 2021, 09:51
1052
Бөлісу:
Қанша қазақстандықтың коронавирустан жазылғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша,  тамыз айынан бері індет жұқтыру деңгейінің 1,2 есеге төмендегені байқалады.

Республикада инфекциялық төсектердің қамтылуы 23%-ды, реанимациялық төсектер 20%-ды құрайды. Ал репродуктивтілік саны 0,89-ге тең. Тамыз айымен салыстырғанда аурушаңдық 1,2 есеге төмендеді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ел аумағында ПТР-сынамасы оң 980 372 жағдай тіркелген.

ПТР-сынамасы теріс 83 437 жағдай анықталды. Науқастардың 96%-дан астамы індеттен сауықты. Жалпы Қазақстан бойынша соңғы айда аурушаңдық 3,1 есеге, яғни айына 1265-тен 399 жағдайға дейін азайды. Ал стационарлық және амбулаториялық науқастардың саны 1,7 есеге, яғни айына 6736 жағдайдан 3974 жағдайға дейін, ал амбулаториялық науқастар саны 28236-дан 16884-ке дейін қысқарды, - деді Алексей Цой.  

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде қанша адам Pfizer вакцинасын салдырғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы