Pfizer вакцинасын қанша адам салдырды?

14 Желтоқсан 2021, 09:39
945
Бөлісу:
Pfizer вакцинасын қанша адам салдырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерге салу жалғасып жатыр.

Бүгінгі таңда Comirnaty (Pfizer) вакцинаның 1 компонентімен 188 906 адам қамтылды. Оның ішінде аталған екпе 150 669 жасөспірімге салынды. Сондай-ақ  38 237 жүкті және бала емізетін әйел вакцинацияланды. Екінші компонент 19 386 адамға салынды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар ведомство басшысы вакцинация әлі де жүргізілетінін алға тартты.

Ревакцинациямен еліміздің 136 мың азаматы қамтылды, - деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 9 млн-ға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы