Қанша алматылық атаулы әлеуметтік көмек алатыны анықталды

20 Шілде 2023, 19:09
1797
Бөлісу:
Қанша алматылық атаулы әлеуметтік көмек алатыны анықталды
Фото: Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда атаулы әлеуметтік көмек 48 мыңнан астам адамға тағайындалды, оның ішінде 37 мыңнан астамы төлем алды, деп хабарлайды BAQ.KZ қаладағы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Мегаполисте осы мақсаттарға 4,5 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының Мансап орталығының өкілдері хабарлады.

Кедейлік шегін тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгілейді. Алматы қаласында 2023 жылдың 3 тоқсанындағы кедейлік шегі 34 929 теңгені құрайды.

АӘК-ке үміткер тұлғалар консультациялар алу үшін және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынылу шарттары туралы ақпарат алуға, тұрғылықты тіркелген мекенжайы бойынша Мансап орталығының қызметкерлеріне жүгіне алады немесе онлайн өтініш бере алады. Үміткерлер өтініш беру үшін, тұрғылықты мекенжайға тұрақты немесе уақытша тіркелу қажет және уақытша тіркелген жағдайда АӘК-ке 6 ай өткен соң ғана өтініш бере алады. Мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған және цифрландырылған. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды қолма-қол өткізу талап етілмейді. АӘК тағайындау үшін үміткерлерге тоқсан сайын өтініш беруі қажет, - деді Алматы қаласы Мансап орталығының жетекшісі Әділет Жаңабаев.

Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.

Шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі:

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына катысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кipici аз адамдарға:

осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге; eкі айдан астам еңбекке уакытша қабілетсіздігі мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке кабілетті жалғыз мүшесі, үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа, күтімді жүзеге асыратын кipici аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті бар адамдарға, сондай-ақ өзінің құрамында еңбекке қабілетті (еңбекке қабілетті) адамы (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға оның (олардың) шараларға қатысуы шартымен жұмыспен қамтуға және (немесе) әлеуметтік бейімдеу қажет болған кезде көрсетіледі.

Құрамында еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасылар үшін учаскелік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін жеке жоспар жасалады, онда отбасының (адамның) жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың тізімі көрсетіледі және өтініш берушімен шартты ақшалай жүгіну кезеңіне әлеуметтік келісімшарт жасалады. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт аз қамтылған адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларына қатысу жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған кезде бұзылады, - деп атап өтті спикер.

Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде отбасының әрбір адамына есептей отырып тағайындалады.

Балаларға арналған Қосымша төлем Әлеуметтік Кодекске сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті қарау кезеңінде 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі, бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға республикалық бюджет туралы заңнамамен тиісті қаржы жылына белгіленген есептік көрсеткішпен төленеді.

Барлық қызықтыратын сұрақ бойынша аудандық бөлімшелерге және Достық даңғылы, 85, мекенжайы бойынша “Әлеуметтік қызметтер үйіне” жүгінуге болады. Сонымен қатар 310-47-82 бірыңғай нөмірі бойынша Call-орталық жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы