Қанмен берілген үміт: ҚАЖ департаменті қайырымдылық шарасына жұмылды

25 Сәуір 2025, 20:09
569
Бөлісу:
Қанмен берілген үміт: ҚАЖ департаменті қайырымдылық шарасына жұмылды
Фото: Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінің қызметкерлері қайырымдылық пен адамгершілікті ұштастырған игі шара өткізді. Мекеме басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған "Қан тапсыру – өмір сыйлау" акциясы аясында мекеме қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шараға облыстық қан орталығының мамандары арнайы келіп, мекеме бастығы әділет подполковнигі Абай Битаевтан бастап, 20-ға жуық қызметкер мен қалалық пробация қызметкерлері белсене қатысты. Қан орталығының дәрігерлері әрбір донордың денсаулығын тексеріп, қан құрамына сараптама жасап, қажетті мөлшерде (450 грамм) қан қабылдады.

Қанмен берілген үміт: ҚАЖ департаменті қайырымдылық шарасына жұмылды

Адам бойындағы қайғыға ортақтасып, тілеулестік білдіру, қолынан келгенше көмек көрсету – әрбір дені сау адамның азаматтық парызы. Қан құйылуын күтіп жатқан науқастардың өмірін сақтап қалу үшін ерікті түрде қан тапсыру – адамгершіліктің жарқын көрінісі әрі сауапты іс екені сөзсіз. Біз тапсырған қан мұқтаж жандардың өмірін сақтауға себепкер болса, бұл шараның басты мақсатына жеткені деп білемін. Әрбір азамат осындай қайырымдылықтан қалыс қалмауы керек, – деді мекеме бастығы Абай Есенгелдіұлы.

Қанмен берілген үміт: ҚАЖ департаменті қайырымдылық шарасына жұмылды
Өзгелердің жаңалығы