"Қанішердің құрбаны болып кеттіңіз". Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовті еске алды

15 Қаңтар 2024, 16:33
11736
Бөлісу:
"Қанішердің құрбаны болып кеттіңіз". Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовті еске алды
VIDEO
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова жұбайы саясаткер Заманбек Нұрқаділовті еске алып, жазба арнады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында Заманбек тірі болса, биыл 80 жасқа келетінін, қылмыскер қолынан қаза тапқанын айтты. 

Бүгін Зәкең бар болса, 80 жасты тойлар едік. Әттең бір қанішердің құрбаны болып кеттіңіз. Соларды таппайынша, халыққа көрсетіп, естіртпейінше, сіздің рухыңыз тынышталмайтынын мен жақсы білемін, Зәке. Алла енді сол күнді де естіп, көруді нәсіп еткейсің, - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Кеше әнші Қарағанды қаласында өзінің жұбайы Нұрқаділов Заманбек Қалайбайұлына және әкесі Жүнісов Мұхамедьяр Өмірбекұлының рухтарына құран бағыштап, ас берді. Алайда өзі ауа райына байланысты қалаға жете алмаған.

Ниетімді қабыл етсін. Өтіп жатқан, бағыштаған құранымыз қабыл болсын. Әттең-ай жолды ашпады, өзім Астанадан жете алмай қалдым, - деді ол.

Сонымен қатар 14 қаңтарда Алматыда да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай ас берілді. Асқа ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ізгі тілек-ниетін арнайы жолдаған. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли қалың көпшілікке ресми көңіл хатты жеткізген. Президент өзінің ресми хатында Заманбек Қалабайұлының тарихи тұлғасын ел жадында мәңгілік қалдыру үшін келелі істер қолға алынатындығын, сонымен қатар қоғам қайраткеріне ескерткіш орнатылатынын атап өткен.

Еске салсақ, Алматы қаласы мен Алматы облысының экс-әкімі Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы 12 қарашада Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда көз жұмған.

Өзгелердің жаңалығы