Қаңғыбас иттер мәселесі қала бойынша жойылуы қажет – Тоғжанов

15 Қыркүйек 2022, 14:36
831
Бөлісу:
Қаңғыбас иттер мәселесі қала бойынша жойылуы қажет – Тоғжанов

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың азаматтарды жеке қабылдауы барысында Батыс 2 шағын ауданының тұрғындары «Миллениум» тұрғын үй кешенінің проблемалары туралы айтқан еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұрғындар «Миллениум» тұрғын үй кешенінің проблемаларына, нақты айтқанда, құрылыс салушының сапасыз орындаған жұмысына, құжаттар бойынша туындаған мәселелерге, көшедегі иесіз қаңғыбас иттерге қатысты, балалар ойын алаңының, жолдың және қоғамдық көліктің болмауына қатысты өз шағымдарын жеткізді. 

Аймақ басшысы көтерілген мәселелерді мұқият зерделеуге уәде берді. Сәрсенбіде ол Батыс 2 ықшам ауданына барып, салынып жатқан үйлердің тұрғындарымен кездесті. 

Жиналған жұрт құрылыс салушыға деген наразылықтарын айтып, өмір сүру жағдайларын көрсетті. 

Енді ғана қоныстана бастаған корпус тұрғындары жылыту маусымы кезеңінде үйге жылу беру мәселесіне қатысты өз алаңдаушылықтарын білдірді. 

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Тоғжанов тұрғындарды мұқият тыңдады. Сол жерде жауапты қызметтерге тұрғын үй кешенінің тұрғындарына тиісті жағдайдың жасалуын қамтамасыз етуге, құрылыс салушыға жіберілген кемшіліктерді түзетуге тапсырма берді. 

Сондай-ақ тұрғындарға санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық бастаманы қолдау ұсынысымен жүгінді.

Барлық мәселені қысқа мерзімде шешу қажет. Қаңғыбас иттер мәселесі тек осы шағын ауданда ғана емес, бүкіл қала бойынша жойылуы қажет. Егер қаламыздың әрбір тұрғыны өз үйінің ауласын ретке келтірсе, онда қала таза әрі жайлы болады, - деп тапсырды аймақ басшысы.  

Өзгелердің жаңалығы