Қандаладан құтылам деп қос баланы өлтіріп алған әйелге сот үкім шығарды

18 Қаңтар 2024, 15:38
1271
Бөлісу:
Қандаладан құтылам деп қос баланы өлтіріп алған әйелге сот үкім шығарды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бүгін Ақтау қалалық соты пәтеріндегі қандаланы өз бетінше уламақ болып, салдарынан көршілерін қайғылы жағдайға душар қылған әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Mangystau Media мәліметінше, былтыр 21 қазанда Ақтау қаласының 48 жастағы тұрғыны қандаладан құтылмақ болып, үйіндегі жәндіктерді өз бетінше улайды. Кейін химиялық препараттан бөлінген аммиак жоғарыда орналасқан пәтерге жетіп, 10 айлық және 2 жасар балалар уланып, қайтыс болады. 

Мамандар дезинфекцияланған пәтерден 39 химиялық таблетка тауып алған. 

Күдікті ретінде ұсталған әйел ҚР ҚК 304-бабы, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен пәтер иесі 5 жылға сотталды. Ол мемлекет пайдасына 1 839 565 теңге сомасында процессуалдық шығынды өтеуге міндеттеледі. Сот үкімі 2024 жылғы 18 қаңтардан бастап заңды күшіне енеді, - деді Ақтау қалалық сотының судьясы Ақмарал Хасенова.

Сот отырысында судья оның бұрын сотты болмаған атап өтті.  

Үйде тексеріс жүргізген мамандардың сөзінше, пәтер иесі химиялық препаратты Алматы базарынан алған. Ақтау санитариялық-эпидемиологиялық станциясы баспананы өз бетінше улауға болмайтынын, тиісті қызметкерлерге жүгіну қажеттігін ескертеді.   

Өзгелердің жаңалығы