Қанат Ислам чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізеді

26 Ақпан 2022, 03:37
1467
Бөлісу:
Қанат Ислам чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 ақпанда қазақстандық Қанат Ислам (28-0, 22 КО) британдық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) титулдық жекпе-жек өткізеді.

Боксшылар WBO Global нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек Флоридадағы Плант-Ситиде (АҚШ) өтеді. Он раундқа созылатын жекпе-жекте қарсыластар орта салмақтағы бос WBO Global титулына таласады.

Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де басталады. Жекпе-жек «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Қанат Ислам бір жыл бұрын ол Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы эквадорлық Джейсон Александр Минданы (14-6-1, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.

Өзгелердің жаңалығы