Қанат Бозымбаев құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті

17 Ақпан 2022, 13:19
1343
Бөлісу:
Қанат Бозымбаев құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірде және Алматы қаласында тіркелген құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру және жергілікті материалдарды қолдану туралы мәселелерді талқылады. Бұл туралы «Jetisý Media» ақпараттық алаңы хабарлады.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Дәурен Жолжановтың айтуынша, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан 83 мердігер мекеменің 32-сі ғана Алматы облысында тіркелген.

Өзге облыстардан келіп жұмыс істейтін мекемелердің құрылыс көлеміндегі үлесі 61,5%, қаржыландырудың 60% осы мекемелерге бағытталған. Кездесуде облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Данияр Әбдібеков құрылыс жұмыстарының заңдылығы мен сапасын бақылауда анықталған мердігер ұйымдардың жиі жол беретін ортақ кемшіліктеріне тоқталды.

Қанат Бозымбаев өз сөзінде, жергілікті жерде шығатын материалдарды қолдану міндетті талап болуы керек. Бұл - бір жағынан жергілікті кәсіпкерлерді қолдау, екінші жағынан құрылыс жұмыстарының қымбатқа түспеуіне ықпал етеді. Ендігі жерде құрылыс нысандары типтік үлгіде жүргізіліп, құны тым жоғары жобаларға жол берілмейді. Бюджет қаржысын тиімді жұмсауымыз керек екендігін айтты.

Сондай-ақ, кездесуде құрылыс компаниялары, авторлық және техникалық қадағалау, жобалау мекемелерінің өкілдері пікір алмасып, ортақ мәселелерін талқылады.
 

Өзгелердің жаңалығы