«Қамқорлық» бағдарламасына биыл 950-ден астам отбасы енгізілген – Түркістан облысы

28 Наурыз 2023, 07:11
790
Бөлісу:
«Қамқорлық» бағдарламасына биыл 950-ден астам отбасы енгізілген – Түркістан облысы
Фото: baq.kz

Түркістан облысында 2023 жылы  «Қамқорлық» бағдарламасына 954 отбасы енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 27 наурызына дейін 954 отбасының 365-не демеушілер тарапынан 15,7 млн теңгеге көмектер көрсетіліп, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 2 отбасы баспанамен қамтылған.

«Қамқорлық» бағдарламасына Отбасының цифрлық картасы негізінде жағдайы тым төмен, дағдарыстық және қанағаттанарлықсыз деңгейде өмір сүріп жатқан жанұялар енгізілді. Олардың әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы жетекшілер тағайындалды. Сонымен қатар отбасы мүшелеріне тек әлеуметтік көмектер көрсету ғана емес жұмысқа орналастыру, қысқамерзімді кәсіби оқыту және өзге де шараларды жүргізу көзделген.

Айта кетейік, 2020-2021 жылдар арасында облыстық «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 2,7 мың отбасы 825,0 млн. теңгеге демеушілік көмек алып, баспанасы жоқ 85 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2022 жылы «Қамқорлық» бағдарламасына енгізілген 1 042 отбасыға 338,8 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмектер ұйымдастырылып, 30 отбасыға тұрғын үй берілді.

Өзгелердің жаңалығы