Қалиев елдегі саяси өзгерістерге қатысты пікір білдірді

1 Ақпан 2022, 12:36
2735
Бөлісу:
Қалиев елдегі саяси өзгерістерге қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «20:22» жобасында саясаттанушы Талғат Қалиев елімізде болып жатқан саяси өзгерістерге қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысының партиядан кетуі туралы пікір 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келешекте Nur Otan партиясының төрағасының қызметінен кетуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Мемлекет басшысы партиядан кетуі үшін заңнамаға лайықты өзгерістер енгізілуі тиіс. Президент тек Nur Otan-ның немесе басқа да партияның мүшесі болмауы керек. Ол барлық халықтың басшысы болуы тиіс. Саяси жағдай мен саяси көзқарасына қарамастан бәріне бірдей болған жөн. Меніңше, Мемлекет басшысының партиядан кету туралы шешімі дұрыс деп білемін. Сондай-ақ егер кеткен жағдайда басқа да партиялар арасында әділ бәсекелестік орнайды, – деді сарапшы.

Барлық партияның деңгейі бірдей емес

Қалиевтің сөзінше, бүгінде еліміздегі барлық партияның ресурстары бірдей деңгейде емес.

Ешкім де өзінің жайлы орнын тастап кеткісі келмейді. Жалпы партияда жайлы орын болмауы тиіс. Олар әркез бәсекелестік жолында күресу мақсатында жұмыс істеуі қажет, – деді Талғат Қалиев.

Партия жұмысы туралы

Партия жұмысы бір қалыпты болмауы қажет. Олар әркез ізденісте болуы шарт. Мәселен, АҚШ-тың жүйесіне үңілетін болсақ, ондағы партиялар жағдайы нашар ортаны қадағалап отырады. Мысалы сол елдегі мектеп оқушысын алып қарайық. Егер ол күнде бір киіммен жүрсе, түскі асқа бармай жүрсе, оның үйіне ұйым комиссиясы  барып, баланың жағдайын өздері келіп, көріп кетеді. Келер шақта бұл жүйе бізде де қалыптасады деген үміттемін. Жалпы, партия жұмысшылары кеңседе отырмауы қажет, - деді Талғат Қалиев.

Халық наразылығы. Экономикалық және әлеуметтік проблемалар

Саяси талап қоюмен бұл мәселені шешіп тастай алмаймыз. Партия барлық проблеманың шешімін туындаған жерден бастап ретке келтіруі қажет. Біз көптеген заңнамалық өзгеріс пен реформаны іске асырып жатырмыз. Бұл ретте қарапайым халықтың да пікірін ескерген жөн, -деді спикер.

Мемлекет басшының реформасына көзқарас

Әр жүйе қарсылықтан кейін қалыптасады. Барлық жаңашылдық көптің көңілінен шыға бермейді. Өзінің бұрынғы орнын сақтап қалғысы келетін азаматтар да болатыны анық. Оған мысал да жетерлік. Кез келген органдарда отырған бір бағытта жұмыс істеген азаматтарға жаңа басшы, жаңа қызмет түріне тап болса да ол оңай болмайды, - деді Қалиев.

«Қаңтар қасіреті» оқиғасы

Қаңтар айында болған қасіретті кезеңде сырт елде болған едім. Ол жерде бір танысым қоңырау шалып, бізде не болып жатқанын сұрады. Сол уақытта не істеуміз қажет болды? Не күтіп тұрғанын ешкім білмеді. Өз басым ол кезде барлық ақпаратты ресейлік БАҚ-тан оқыдым. Алайда, ел аумағында байланыс болмады. Ешкімнің ел ішінде қандай жағдай болып жатқанынан хабарсыз еді. Бұл кезеңде біз шетелік БАҚ құралдарынан теріс пікірлер де естідік. Оның ішінде Еуропарламент те бар. Олар шын мәнінде мемлекет ішіндегі ахуалды білмейді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы