Қалбатау-Өскемен бағытында жолшылар 200-ден астам машинаны ертіп жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қалбатау ауылынан Өскемен қаласына дейінгі бағытта арнайы қар тазалайтын жол-пайдалану техникасының көмегімен жолшылар 6 жеңіл және 200 жүк машинасынан тұратын колоннаны ертіп жүрді.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің шығысында соңғы үш күнде ауа райы қолайсыз. Сол себепті бірқатар республикалық маңыздағы тасжол жабылды. Қарды ауыр техникамен тазалағаннан кейін күре жолдардың бойында биіктігі 2 метрге дейін жететін жерүсті қарлы туннельдер пайда болды. Жол қызметтері үздіксіз жұмыс істеуде.