Қалаға келгенде оның иесі жоқ сияқты. Шәпкенов журналистің сұрағына жауап берді

8 Желтоқсан 2023, 17:14
734
Бөлісу:
Қалаға келгенде оның иесі жоқ сияқты. Шәпкенов журналистің сұрағына жауап берді
Фото: ОКҚ

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ-да өткен брифингте Атырау қаласын көркейту үшін қандай жұмыстар жасалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімі Шәпкенов Атырау қаласында жаяу жүргіншілер үшін қандай жағдай жасалғаны жайлы айтып, журналистің осы мәселеге қатысты қойған сұрағына жауап берді.

«Атырауда өзгеріс жоқ» дегенге халық өз пікірін айта жатар... Атырау теңіздің жағасында орналасқандықтан жаңбыр жауса, су түссе, балшық болып кететін. Тіпті кезінде резеңке етіктермен жүрген замандар болған. Қазір Құдайға шүкір оның қасында көптеген өзгеріс бар. Кейбір жобаларды іске асырған кезде дұрыс істелмеген жерлер бар. Мысалы, бордюрді бір жерде биік салып кеткен, екінші жерде тағы биік салған, - деді әкім.

Шәпкенов сонымен қатар жылу жүйелері жердің бетімен өтіп жатқанын атап өтті. Мысалы, кей жерлерде құбыр бар, оны баспалдақ арқылы өтеміз.

Осыдан 2-3 жыл бұрын Атырау қаласының жартысынан көбінде тас жол болған жоқ. Әсіресе шет жақ көшелерде. Сол себепті біз барлық мүмкіндігімізді, қаражатымызды бағдарлама жасап, осы бағытқа бөлдік. Егер сіз қаланың шет жағындағы көшелерде болсаңыз, асфальт салынған, жағдай бар. Ол жақта да тротуар мәселесі бар. Ол аудандарды 80 пайызы жеке тұрғын үйлер. Көліктер тротуарды бұзып кетеді. Олармен де күресіп жатырмыз, - деп айтты Атырау облысы әкімі.

Сонымен қатар әкім қалада салынып жатқан тұрғын үйлердің келбеті де біршама жақсарып қалғанын айтты. Сөзінше, алып құрылыс компаниялары тұрғын үйлерді сала бастаған. Ескі үйлерді әкімдік қалпына келтіріп жатыр.

Журналист әкімге қалаға келгенде оның иесі жоқ сияқты сезілетінін айтып, оның себебін сұрап көрді.

Қаланың иесі бар. Сізге ондай ой неге келгенін түсінбедім. Әріптестеріммен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Мүмкін көп жұмыс көрінбей, айтылмай жатқан шығар, - деп айтты Серік Шәпкенов брифингте.

Өзгелердің жаңалығы