Қағаз бетінде көркейген қалалар мен орындалған уәделер...

15 Маусым 2023, 13:30
2371
Бөлісу:
Қағаз бетінде көркейген қалалар мен орындалған уәделер...
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны суперпрезиденттік басқарудан арылуға бағытталған саяси реформаларға арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бізде құжат жүзінде барлығы жақсы. Қағаз бетінде көркейген қалалар мен орындалған уәделер... Дегенмен 2022 жылдан бері билік қолға алынған саяси реформалардың негізгі тетіктері жүзеге аса бастады. Мәселен президент өзінің кейбір өкілетті құзіретін заң шығарушы органға беруді ұйғарды. Сөйтті де саяси партиялардан мүше болудан бас тартты.

Осы орайда суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты президенттік елге айналу реформасы қалай жүріп жатыр, Тоқаев айтқан «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орындалды ма деген сұрақтарға сарапшылар мен саясаткерлер жауап берді.

Айта кетейік, «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының алғашқы саны билік пен халық арасындағы диалогқа арналса, екінші бағдарламасы қасіретті қаңтардан кейінгі реформалар туралы болды.

 «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының өткен санында Қасіретті қаңтардан кейін болған Конституциялық реформаларға арналған болатын.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы