Қадір түні. Астананың бас мешіттен тікелей эфир жүргізіледі

17 Сәуір 2023, 22:42
1539
Бөлісу:
Қадір түні. Астананың бас мешіттен тікелей эфир жүргізіледі
Фото: tirshilik-tynysy.k

Бүгін мың айдан да қасиетті Қадір түніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы "Munara TV" мен "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, "Munara TV" арнасы елордасы Астана қаласындағы Республикалық бас мешіттен және "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы "Әзірет Сұлтан" мешітінен ұсынатын тікелей эфир Қадір түніне арналған құттықтаулармен ашылады. Одан әрі студиядан бірнеше сұхбат ұйымдастырылып, Қадір түнінің және Құран хатым дұғасы оқылады.

Сағат 22:00-де басталатын тікелей эфирде Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде салиқалы сұхбаттар мен әсерлі уағыз-насихаттар ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы