Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылды

23 Мамыр 2024, 07:41
219
Бөлісу:
Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылды
Фото: gov.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қазіргі уақытта Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі Қабанбай батыр даңғылында, атап айтқанда, дөңгелек алаңның үстіндегі көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігі осы жылдың 22-24 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылы бойынша Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі жол учаскесі толығымен жабылатынын хабарлады.

Бұл ретте Сығанақ көшесі ашық күйінде қалып отыр.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды және аталған шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп жазды әкімдіктен.

Өзгелердің жаңалығы