Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылады

27 Тамыз 2022, 09:54
622
Бөлісу:
Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылады

Қабанбай батыр даңғылының Дінмұхамед Қонаев көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесіндегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсеміне жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ағымдағы жылғы 27 тамыз бен 31 тамыз аралығында сағат 22:00-де жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қабанбай батыр даңғылының Дінмұхамед Қонаев көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесіндегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы