ПТР-тестілеуді талап ету еш қисынға келмейді – Есмағамбетова

27 Тамыз 2020, 13:18
1444
Бөлісу:
ПТР-тестілеуді талап ету еш қисынға келмейді – Есмағамбетова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.

Бүгінде санитарлық ережелерге қатысты қолданыстағы нормативті-құқықтық акті бойынша және республиканың, аймақтың бас санитарлық дәрігерінің хаттамасына сәйкес, ешбір салада қызметкерлер мен келушілерге міндетті ПТР тестілеуден өтуі керек деген тәртіп жоқ. Тағы бір еске салатын дүние ПТР-тестілеу бұл – диагностикалық тест. Оны тапсыру үшін қандай да бір белгілер болуы керек. Бүгінде ол клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ғана тапсырылады, - деді дәрігер. 
Айжан Есмағамбетова бүгін тапсырған ПТР-тест нәтижесі теріс болғанымен, екі-үш күн өткен соң ол нәтиженің оң болып шығуы әбден мүмкін екенін айтады.
Клиникалық көрсеткіште адамның бойында клиникалық өзгерістер болуы шарт, оның ішінде коронавирус инфекциясы да болуы мүмкін. Ал, эпидемиологиялық көрсеткішке коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен тікелей байланысы болған адамдар жатады. Мысалы бүгін тест нәтижесі теріс болғанымен, екі-үш күн өткен соң ол нәтиженің оң болып шығуы ғажап емес. Себебі, біз күнделікті тірлік барысында қоғамдық орындарға, қоғамдық көліктерге, түрлі мекемелерге бармай тұра алмаймыз. Сондықтан, ПТР-тестілеуді талап ету еш қисынға келмейді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы