ПТР-тест тапсырмай әуежайдан қашқан ерлі-зайыптыларға 83 мың теңге айыппұл салынады

23 Қазан 2020, 14:55
1469
Бөлісу:
ПТР-тест тапсырмай әуежайдан қашқан ерлі-зайыптыларға 83 мың теңге айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қашқындардың бірі министрлік қызметкері екені анықталды.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтандағы ПТР-тест тапсыру пунктінен қашқандардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері болып шыққанын хабарлады.

Әуежайдан ПТР анықтамасынсыз қашып кеткен елордалық екі тұрғын ұсталып, ПТР-тест тапсыру үшін карантиндік стационарға жеткізілді. Оларға 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ерлі-зайыпты Шарм-эль-Шейхтен келген, олардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері, - деп атап өтті Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер.

Айта кетейік, Шарм-әл-Шейхтен келген елорда тұрғындарының әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай, қашып кеткені белгілі болды.



Өзгелердің жаңалығы