ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт Өзбекстан азаматы депортацияланды

25 Сәуір 2021, 11:41
1286
Бөлісу:
ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт Өзбекстан азаматы депортацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 24 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.


2021 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 5 126 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 3 078 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 918 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 757 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 223 жолаушы.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 24 сәуірінде Ош – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт Өзбекстан азаматтары Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.


Өзгелердің жаңалығы