ПТР-анықтамасыз ұшып келген 2 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

20 Желтоқсан 2020, 11:16
1220
Бөлісу:
 ПТР-анықтамасыз ұшып келген 2 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 19 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Швейцария, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2 008 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 771 адам, анықтамасыз 237 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 331 жолаушы, анықтамамен – 1 183, анықтамасыз - 148;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 499 жолаушы, анықтамамен - 438; анықтамасыз - 61;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 178 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз - 28.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 18 желтоқсанында анықтамасыз келген 210 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Стамбул – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Өзгелердің жаңалығы