ПТР анықтамасыз ұшып келген 11 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

31 Желтоқсан 2020, 12:52
1102
Бөлісу:
ПТР анықтамасыз ұшып келген 11 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Нидерланды, Ұлыбритания, Мысыр, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді.

1 258 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 044 адам, анықтамасыз 214 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 526 жолаушы, анықтамамен – 510, анықтамасыз - 16;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 469 жолаушы, анықтамамен - 286; анықтамасыз - 183;

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 263 жолаушы, анықтамамен - 248; анықтамасыз - 15.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 29 желтоқсанында анықтамасыз келген 212 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Шарм-Эль-Шейх – Қостанай рейсімен келген 11 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Өзгелердің жаңалығы