ПТР-анықтамасы жоқ 256 шетел азаматына ҚР аумағына кіруге тыйым салынды

19 Желтоқсан 2020, 18:58
1559
Бөлісу:
ПТР-анықтамасы жоқ 256 шетел азаматына ҚР аумағына кіруге тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында КВИ жұқтырғандардың ішінде сырттан келушілер көбейген, басым бөлігі Ресей Федерациясынан келген ҚР азаматтары.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Мәселен, 2020 жылдың 16 желтоқсанында Ресеймен шекаралас автомобиль жолдарындағы шекаралық бақылау бекеттері арқылы 502 адам өткен (Жаңа жол бекеті арқылы - 230 адам, Қарақоға бекеті арқылы - 223 адам, Бидайық бекеті арқылы - 49 адам), жаяу жолаушылардың 188-де ПТР-талдаудың теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болған. Анықтамасыз келген 25 Қазақстан азаматы карантиндік стационарларға орналастырылып, ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленген. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталған, - делінген хабарламада.

2020 жылғы 6 қазан мен 16 желтоқсан аралығында Ресеймен шекаралас автомобиль жолдарындағы ҰҚК-нің шекаралық бақылау бекеттері арқылы 37 125 адам өткен. 

Оның ішінде 9 785 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамалары болған. 2 081 ҚР азаматы анықтамалары болмағандықтан карантиндік стационарларға орналастырылған. ПТР-талдауының нәтижесінде 206 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталып, 21 адам инфекциялық стационарға жатқызылған және 185 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Сонымен қатар ПТР-анықтамасы жоқ 256 шетел азаматының ҚР аумағына кіруіне тыйым салынды.

Өзгелердің жаңалығы