Психолог: Жер сілкінгенде адамдардың қорқуы – қалыпты жағдай

14 Ақпан 2024, 14:19
395
Бөлісу:
Психолог: Жер сілкінгенде адамдардың қорқуы – қалыпты жағдай
Фото: автордан

Адамдардың төтенше жағдай кезінде дүрбелеңге салынуы өмір сүруге деген құлшынысын білдіреді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматыда өткен "Төтенше жағдай кезінде психологиялық көмек көрсету" атты семинарда айтылды. 

Психолог: Жер сілкінгенде адамдардың қорқуы – қалыпты жағдай

Адамдар қауіп төнгенде, өз өмірін сақтағысы келеді. Жер сілкінгенде адамдардың қорқуы - бұл қалыпты жағдай. Төтенше жағдай болғанда дүрбелеңге салынуы адамның өмір сүруге деген құлшынысын білдіреді. Дегенмен адамдар үрейге беріліп, көпқабатты үйден секіріп кетеді. Сол себептен маман ретінде айтарым - сабырлық сақтауды бойға сіңіру керек. "Өліп кетеміз бе? Үстімізге үй құлай ма?" деген үрейден аулақ болу қажет. Оның орнына "бізге көмек көрсетіледі, сабырлы болайық" деген жағымды ойды санаға сіңіру қажет. Сіздің сабырлы қалпыңыз, басқаларға да әсер етеді. Егер үйдің үлкені болсаңыз, барлығы сіздің сөзіңізге құлақ асатынын естен шығармаңыз, - дейді Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев.

Бұған дейін Алматы ТЖД психологиялық көмек тобының бас маманы төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы