Психолог үнемі кешігудің себебін түсіндірді

6 Ақпан 2021, 17:05
1908
Бөлісу:
Психолог үнемі кешігудің себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу университетінің психотерапия кафедрасының доценті Владимир Файнзильберг адамдардың үнемі кешігуінің себебін атады, деп жазды lenta.ru.

Ресейлік маманның айтуынша, кездесуге үнемі кешігетіндер өз мүмкіндіктерін оларды күтіп отырған жандардікінен жоғары қояды. 

Сондай-ақ бұл қасиет өзіне сенімсіз адамдарға да тән. Әдетте олар кездесуге бару-бармау жөніндегі шешімге келе алмай, кідіреді. Онда барғанда диалог құра алмаймын деп күмәнданады. 

Психотерапевт сонымен қатар үнемі кешігушілер қатарында депрессияға жиі ұшырайтын жандар жол беретінін атап өткен. 

Егер қызметкер жұмысына үнемі кешіге берсе, өз жұмысына көңілі толмаушылықтан және зорығып жүргендіктің белгісі. 

Маман пікірінше, мұндай жандарға жұмыс ауыстыру қажет.

Үнемі кешігуге жол бермеу үшін күн тәртібін ұстану қажет. Уақытында ұйықтап, ерте тұру адамдардың көңіл күйіне де оң әсерін тигізеді, беделінің артуына да әсер етеді. Күн тәртібін қатаң сақтайтын жандар ұзақ өмір сүреді, әрі бақытты болады, - дейді маман.

Өзгелердің жаңалығы