Психолог сериалды тым көп қарайтын адамдар туралы пікір білдірді

4 Сәуір 2022, 12:05
2675
Бөлісу:
Психолог сериалды тым көп қарайтын адамдар туралы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұндай адамдар өзінің ішкі әлеміне не қажет етенінін анық білмеуі мүмкін. Бұл пікірді психолог маман Арайлым Тоқсанбаева айтты.

Оның айтуынша, ақпараттық заманда жасөспірімдерге кино мен сериалдарды көптеп қарауына бірінші кезекте жарнама әсер етеді.

Қазір неше түрлі әр адамның эмоциясын туғызатын жарнамалар бар. Ең өкініштісі, жасөспірім не ондай кіші жастағы балаларда не көріп жатқанын ой елегінен өткізіп, саралап жатпайды, - деді маман.

Сөзінше, кино туындыларын қараудың оң тұстары көп, алайда тым көп уақыт өткізу зиян әдет қалыптастырады.

Тым көп қарайтын адамдар ең алдымен өз уақытын үнемсіз жоғалтады. Күн тәртібі сақталмай, әдетке айналдыруы мүмкін. Мұндай адамдар өзінің ішкі әлеміне не қажет етенінін анық білмеуі мүмкін. Сондай-ақ кейбір адамдар өз өміріне көңілі толмаса, сол фильмдер арқылы қандайда бір өздеріне толықтырулар алады, - дейді психолог.

Өзгелердің жаңалығы