Психолог ашуды жылдам басудың жолын айтып берді

22 Сәуір 2024, 19:33
1034
Бөлісу:
Психолог ашуды жылдам басудың жолын айтып берді
Фото: pixabay.com

Америкалық Огайо штаты университетінің психологтары зерттеу жүргізіп, ашудан жылдам арылудың жолдарын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Clinical Psychology Review (CPR) ғылыми журналының мәліметінше, ғалымдар ашуды басуға қатысты жүргізілген 154 зерттеу жұмысына шолу жасап, олардың қорытындыларын салыстырды. Белгілі болғандай, мамандар тарапынан берілетін ақыл-кеңестер көп жағдайда еш әсер етпейді екен.  Тіпті, кей жағдайда ашулы адамды одан сайын қоздырып жіберетін көрінеді.

Мәселен, жүгіру, велосипед тебу және бокс тұлыбын ұрғылау тәрізді әдіс-тәсілдер адамды одан сайын ашуландыруы мүмкін.

Мұндай жағдайда адамның ашуын басып, ішіндегі негативін шығаруға арналған бөлмеде ыдыс аяқты, жиһазды сындыру да көмектеспейді.

Ғалымдардың сөзінше, ашуды басуда ең тиімді тәсіл - тыныс алу гимнастикасын жасау. Осындай гимнастика кезінде адам медитация жасап, бұлшықеттері босаңсиды.

Өзгелердің жаңалығы