Психолог антистресс-ойыншықтардың пайдасын атады

1 Сәуір 2024, 17:47
318
Бөлісу:
Психолог антистресс-ойыншықтардың пайдасын атады
Фото: pixabay.com/ru

Антистресс-ойыншықтар расымен де күйзелісті төмендетуге септігін тигізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Психология ғылымдарының кандидаты Светлана Колосова осылай деді.

NEWS.RU сайтына берген сұхбатында Колосова күйзелістен арылу үшін антистресс-ойыншықпен қоса қандай әдіс-тәсілді қолдану керегін айтты.

Сарапшының сөзінше, күйзеліп кеткен адамға ароматерапия (лаванданың иісі) мен медитация жақсы көмектеседі. Сондай-ақ уақытылы ұйықтап, таза ауада серуендеудің де пайдасы зор.

Психолог атап өткендей, антистресс-ойыншықты таңдағанда алақанға, білекке әсер ететін түрлерін таңдаған жөн. Олар массажер тәрізді болғандықтан, тезірек әсер етеді. 

Адамның алақанында көп рецептор орналасқан. Ойыншықты таңдаған кезде қолымызда оңай мыжылатын жұмсағы қажет емес, керісінше алақанға массаж жасайтын түрін алу керек, - деді маман.

Колосованың айтуынша, ойыншықтан бөлек, үйге келген соң, суға түскен дұрыс. Психолог осылайша "шаршағанды басуға" болады дейді. Күйзелістен арылудың тағы бір жолы - жақын адамдармен араласу.

Өзгелердің жаңалығы