Психолог аквариумның адамға қандай пайдасы барын айтты

1 Маусым 2021, 22:04
8044
Бөлісу:
Психолог аквариумның адамға қандай пайдасы барын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аквариум тұрғындарының өмірі бірқалыпты өтіп жатады. Психологтар суасты әлемін бақылау адамдардың денсаулығы мен отбасындағы қарым-қатынасқа оң әсер етеді деп санайды.

Бұл туралы «Известие» басылымы жазды.

Психология ғылымдарының кандидаты, психоаналитик, жоғары санатты клиникалық психолог, доцент Алексей Мелехин аквариумды бақылау операциядан немесе дәрігердің қабылдауынан пайда болатын қорқыныш пен мазасыздықты жеңуге көмектесетінін айтты. Оның айтуынша, аквариумды бес минут бойы үзбей бақылаудан кейін адамның психологиялық жағдайы жақсарады екен.

Балықтардың қимыл-қозғалысын тамашалау эмоционалды фонды жақсартады, агрессияны азайтады, сонымен қатар неврологиялық және психологиялық белгілермен бірге жүретін деменциясы бар адамдарда деструктивті бұзылуларды азайтады.

Үйде аквариумның болуы мектеп оқушылары мен студенттерге мазасыздықты азайтуға көмектеседі. Бұдан бөлек өзіне деген сенімділікті арттыруға және мұғалімдермен дұрыс қарым-қатынас жасауға септеседі. Сондай-ақ балықтарды тамашалау жалғыздықтан құтқарады және депрессия белгілерімен күресуге көмектеседі, жайлылық сезімін береді, қарым-қатынасты нығайтады.

Психоаналитик кез келген жануарлармен қарым-қатынас денсаулықты жақсартады дейді. Атап айтқанда қан қысымы төмендейді, жүрек-қантамырлары ауруларының қаупі азаяды, өлім-жітімді азайтады. Өйткені үй жануарларының иелері үй жануарларына жауапкершілікті сезініп, олардың жағдайына алаңдайды.

Өзгелердің жаңалығы