Пржеваль жылқысы: Қазақстанда жерсіндіретін аумақ қалай зерттелді?

29 Ақпан 2024, 16:43
625
Бөлісу:
Пржеваль жылқысы: Қазақстанда жерсіндіретін аумақ қалай зерттелді?
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Арнайы брифингте БАҚ өкілі "Чехиядан жерсіндіруге әкелінген жылқыларға қауіп төнуі мүмкін бе, себебі сол аумақта киіктерды қырып алған болатынбыз..." деп сұрады.

Данияр Тұрғамбаевтың сөзінше, жабайы аң, жануарларды жерсіндіру алдында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Жылқыға арналған жердің табиғаты, ауа райы, жері мен суы зерттеледі. Пржеваль жылқысын елімізге әкелу үшін мамандар 3-4 жыл бойы зерттеу жүргізді. Чехия елімен меморандумға қол қойған кезде, алғашқы Пржеваль жылқыларын елге 2025 жылы әкелеміз деп ойлағанбыз. Бірақ, чехиялық мамандар біздегі дайындық жұмыстарын көрген соң, олармен биылдан бастауға келістік, - деді Данияр Тұрғамбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Тұрғамбаев Пржеваль жылқысы үшін Қостанай облысының ауа-райы қолайлы екенін айтады.

Чехиялық мамандар Қостанай облысына келіп, бірнеше зерттеу жұмыстарын жасады. Оның нәтижесінде жабайы жылқылар үшін өңір ауа райы қолайлы деген шешім қабылдады, - дейді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы