Прокурордың қатысы бар: Алматы полициясы мейрамханадағы жанжалға пікір білдірді

16 Қыркүйек 2026, 09:32
АВТОР
 Threads 16 Қыркүйек 2026, 09:32
16 Қыркүйек 2026, 09:32
96
Фото: Threads

Әлеуметтік желілерде прокурордың қатысы бар жанжал туралы ақпарат тарады. Желідегі ақпаратқа сәйкес, прокурор мас болған. Алматы полициясы аудандық прокуратура қызметкерінің мейрамханада ұсталғаны жөніндегі мәліметке түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 5 қыркүйекте болған. Мәліметте Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасының аға прокуроры мас күйінде Алматыдағы мейрамханалардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны айтылған. Осыған байланысты оның ұсталғаны хабарланды.

Полицияның мәліметінше, аталған оқиға бойынша «102» арнасына қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде жанжал шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиғаға қатысы барлар Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Наверх