Прокурор Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

31 Қазан 2022, 14:19
1090
Бөлісу:
Прокурор Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ AtyrauPress.kz сайтына сілтеме жасап.

31 қазанда Атырау қаласының №2 сотында Хаменованың ісі бойынша тараптар жарыссөзі басталды.

Мүлігі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде белгіленсін. Хаменова "Құрмет" орденінен айырылсын. Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге шегеруді сұраймын, - деді прокурор Лаура Асанова.

Сондай-ақ, прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке де орташа қауіпсіздік мекемесінде жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Пара берді деген күдікке ілінген Адамовты прокурор төрт жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуді ұсынады.

Еске салайық, Бақытгүл Хаменова алдын ала келісім бойынша пара алды деп айыпталып отыр.

Өзгелердің жаңалығы