Прокуратура: Сот шешімімен 97 адам ақталып шықты

10 Қаңтар 2024, 19:41
479
Бөлісу:
Прокуратура: Сот шешімімен 97 адам ақталып шықты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректер ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда қылмыстың 11%-ға төмендеуі байқалады, яғни 152 472-ден 140 272-ге азайған, оның ішінде:

  • 14,9%- ға (44 106 - 37 548) ауыр қылмыстар;
  • 12,6%-ға (67 340 - 58 874) ауырлығы орташа қылмыстар;
  • 4%-ға (22 741 - 21 826) онша ауыр емес қылмыстар;
  • Аса ауыр қылмыс саны, керісінше, 15,7%-ға (2 241 - 2 593) өскен.

Тергеуді қадағалау аясында прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты. Ал 824 адам прокурорлармен қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатылды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7%-ға қысқарса (578-ден 447-ге), 97 адам сот шешімімен ақталып шықты. 

Өзгелердің жаңалығы