Прокуратура: Карантинді қасақана бұзған бірқатар түнгі клубқа қатысты материал сот қарауында

4 Қаңтар 2021, 14:36
1549
Бөлісу:
Прокуратура: Карантинді қасақана бұзған бірқатар түнгі клубқа қатысты материал сот қарауында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мониторингтік топтар елорданың төрт ауданында кезекті рейд өткізді. Тексеру қорытындысы бойынша карантин шараларын бұзған ондаған мейрамхана, кафе мен караоке-бар анықталды.

Қалалық әкімдіктің ресми сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтанда қаласында мобильді топтар ойын-сауық мекемелеріне салынған тыйымның бұзылу фактілерін анықтап, жолын кесуді жалғастыруда.

Мысалы, Байқоңыр ауданында «Сивый мерин» сыра барында келушілер туған күнін түнде атап өтті. «Кедровый бор» саунасында да уақытша шектеу шаралары еленбеді. Ал «Шашлыкофф» гриль-барында мекеме қонақтары әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны және кальян пайдаланғаны анықталды.

Прокуратура: Карантинді қасақана бұзған бірқатар түнгі клубқа қатысты материал сот қарауында

Сарыарқа ауданында барлық тыйым мен санитарлық норманы еленбей, 10-ға жуық нысан жұмыс істеді. Олар: «Аяжан» дүкені, «Октоберфест» кафесі, «Қарақат» кафесі, «Қазығұрт» кафесі, «207» лаундж-бары, «Осторожно злая собака» кафесі, «Мясо в тесте» кафесі, «Бруно-Бар» ресто-бары, «Лугано» мейрамханасы және басқалары.

Осыған ұқсас жағдай елорданың басқа аудандарында да орын алған. Мониторингтік топ мүшелері атап өткендей, шағын және орта бизнес нысандарының иелері тексеру жүргізуге өз тарапынан кедергі келтіріп, тексеруші топ мүшелерін ішке кіргізбейді. Осылайша істі күшейте түседі. Сонымен қатар қадағалау органдарының мәліметінше, карантиндік шараларды жүйелі түрде бұзғаны үшін заң бұзушылар қатаң жазаға тартылады.

Прокуратура: Карантинді қасақана бұзған бірқатар түнгі клубқа қатысты материал сот қарауында

Қазір карантиндік шараларды қасақана бұзғаны үшін елорданың бірқатар түнгі клубы мен қоғамдық тамақтану нысандарына қатысты сегіз материал сот қарауында жатыр. Бұрын аталған субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілген. Құқық бұзушыларға қатысты қызметті тоқтата тұру туралы сот актісі орындалмаған жағдайда әкімшілік қамауға алу шаралары қабылданады, - деп хабарлады қалалық прокуратура.

Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, өткен жылдың алты айында шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін 1 454 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 283 616 250 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Өзгелердің жаңалығы