Пробация қызметінің инспекторларын балағаттаған павлодарлық екі тәулікке қамалды

28 Қараша 2019, 04:22
1545
Бөлісу:
Пробация қызметінің инспекторларын балағаттаған павлодарлық екі тәулікке қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Істі Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қарады. Оқиға Лермонтов көшесі, 91 мекенжайында болды.

Істің мән-жайына келсек, С. есімді азамат пробация қызметінің қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан. Кейін басын үстелге соғып, өз денсаулығына зиян келтіргісі келген. Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, екі тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады, - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Әнел Құсанова.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.


Өзгелердің жаңалығы