Пробация қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты

22 Қыркүйек 2020, 15:36
1653
Бөлісу:
Пробация қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пробация қызметкерлері мен есептегі азаматтар қан тапсыру ақциясына қатысты, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Қан тапсыру — қайырымдылықтың, мейірімділіктің бір көрінісі. Бүгін осындай «Донор бол, өмірге үміт сыйла» атты қайырымды шараға Жаңақорған аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен есептегі азаматтар өз еркімен қатысып, қан тапсырды.

Қызметкерлер аудандық ауруханаға таң сәріден келіп, кезек күтіп, тіркеліп, тексерістен өтті. Дәрігердің рұқсатынан кейін ғана қайырымдылық шараға қатысып, донор бола алды.

Қан тапсыру арқылы біреуге өмір сыйласақ, бұл үлкен қайырымды іс, қан тапсырудан ешқашан бас тартпаймыз, пробация есебіндегі азаматтар да донор ретінде қан тапсырып жатыр, - деді аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Анарбек Искаков.


 


Өзгелердің жаңалығы