Пробация есебіндегі сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті

13 Қазан 2022, 02:22
427
Бөлісу:
Пробация есебіндегі сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Пробация есебіндегі сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тереңөзек кентінің спорттық кешенінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын және босатылған, сонымен қатар пробация есебіндегі азаматтарға ұйымдастырылатын іс-шаралар жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен футбол жарысы өткізілді.

Аталмыш шараға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары А.Елеусінов, төрешілер К.Қарашаев пен Б.Бакиров, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының мүшесі М.Жүсіпбекова, аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет майоры Н.Н.Дүйсенбаев және тиісті азаматтар қатысты. Шара барысында пробация есебіндегі азаматтар 3 топқа бөлініп, футбол ойнады. Ойын соңында төрешілердің есебімен І,ІІ және ІІІ орындар белгіленіп, топ мүшелеріне диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Бүгінгі спорттық шараға  сотталғандар белсенділік танытып, жарыс көркін қыздырды.  Есептегі азаматтармен спорттық- мәдени шаралар өткізу олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына, қайта қылмыстың алдын алуына және түзелу жолына түсуіне әсері мол. Сондықтан алдағы уақытта осындай шараларды жиі өткізетін боламыз. Жарысқа қатысқан үш команда да жақсы ойын көрсетті, – деді Сырдария аудандық пробация қызметінің инспекторы Дүйсенбаев.

Өзгелердің жаңалығы