Пробация есебіндегі азамат тауық өсірумен айналысып жүр

20 Тамыз 2020, 11:54
2229
Бөлісу:
Пробация есебіндегі азамат тауық өсірумен айналысып жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Осындай жас кәсіпкерлердің қатарында Қармақшы аудандық пробация есебінде тұратын азаматтар да бар. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД хабарлағандай, «Атамекен» ұлттық әсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтап, сертификат алған пробация есебіндегі үш азамат жаңадан бастаған кәсіпті қолдау мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 555 600 теңге қайтарымсыз грант ұтып алды. 

Үшеуі де жеке кәсібін ашты. Біреуі тауық өсірумен айналысып жатса, қалған екеуі мал басын көбейтіп жеке кәсібін дөңгелетіп отыр.

Тауық өсіру арқылы өз жағдайыңды түзеп алуға да болады екен. Тауықты күтіп баптау да оңай емес. Олардың қорада еркін қозғалуына жағдай жасау қажет. Қазір қолымда 30 шақты тауығым бар. Қазір әлеуметтік желі деген жақсы, құсты күтіп-баптаудың түрлі әдісін ғаламтордан оқимын. Тауық та құнарлы азық-түлік түрлерін қажет етеді. Сондықтан құнарлы астық дәндерін беремін. Болашақта тауықты көбейтіп, цех ашып, ісімді одан әрі дамытқым келеді, - дейді есептегі азамат.   

Ал қалған 2 азамат мал өсіріп, мал басын көбейтумен айналысып жатыр. 

Мемлекеттен алған көмегіне мал ұстайтын қора салып, мал басын сатып алды. 

Енді бір азамат бір айлық курсты аяқтап, сертификат алды. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан берілетін көмекті алу үшін құжаттарын дайындап жатырмыз, - деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет майоры Жақсыбек Жүнісов.

Өзгелердің жаңалығы