Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Жаңақорған ауданында «Көк тудың желбірегені» атты мерекелік марафон ұйымдастырылды. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, марафонға 40-қа жуық ерікті қатысса, оның ішінде 10 азамат – пробация есебіндегі ерікті жастар.
Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымызға балайтын рәміздерімізге деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ұлттық нышандарымызды ұлықтау, дәріптеу, – делінген хабарламада.Марафон орталық стадионнан бастап, Б.Байкенжеев, А.Нақыпов, А.Иманов көшелерінің бойымен өтіп, Орталық алаңдағы Рәміздер аллеясына дейін жалғасты.
Оқи отырыңыз: