Президенттің қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы басталды

6 Ақпан 2024, 14:47
297
Бөлісу:
Президенттің қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы басталды
Фото: BAQ.KZ - архив

Отырыста Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Отырыста Президент бұл ұсынымды депутаттармен талқылайды.

Өзгелердің жаңалығы