Президенттің бүгінгі сөзінен либерализм лебі сезілді – сарапшы

15 Қаңтар 2021, 13:18
2918
Бөлісу:
Президенттің бүгінгі сөзінен либерализм лебі сезілді – сарапшы

Алматы, BAQ.KZ. Мәжіліске өту межесін 5% түсіру дегеніміз Қазақстанның саяси аренасында жаңа партиялардың пайда болуына себепкер болады. Бұл туралы Еуразиялық интеграция Институтының сарапшысы Самат Нұртаза Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ол бүгінгі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен кейін оппозицияның ренжитін себебі де қалмайтын сияқты деп жазды. 

Мәжіліске өту межесін 5%-ға түсіру дегеніміз Қазақстанның саяси аренасында жаңа партиялардың пайда болуына себепкер болады. Бұл жерде әңгіме өтпей қалған "Ауыл" және "Адал" партиялары туралы емес. 5% дегеніміз - 600 000 адам. Шынымен кіріссе, кез келген облыс өзінің құқығын қорғайтын партия ұйымдастыруына мүмкіндік бар. Демократия емей, немене? - дейді Самат Нұртаза.

Сонымен қатар, ол Президенттің сайлауда "Барлығына қарсымын" деген пунктты кіргізуін сұрауы, Қасым-Жомарт Кемелұлының кезінде БҰҰ-да жұмыс істегенінің әсері деп білетінін жеткізді. 

Демократияның төрі болып есептелетін БҰҰ-да Тоқаев мырза әралуан мемлекеттердің тәжірибесін көріп, салыстырмалы түрде демократия мен тоталитаризм арасына сезінетіні сөзсіз. Сондықтан да "Барлығына қарсымын" деген сөздің болуы, сол мемлекеттің либералды және демократты ел екенінің көрсеткіші деп айтуға болады. Тоқ етері, бүгінгі Президентіміздің айтылған сенсациялық, бостандық пен еркіндікке толы сөздері - Қазақстан қоғамына ауадай қажет сөздер болды. Миллиондаған адам осы сөзді күтті. Мен де күттім. Президенттің бүгінгі сөзінен либерализм лебі сезілді. Қоғам қуануда. Қоғамның үміт оты лаулай түсті, - деп жазды ол.


Өзгелердің жаңалығы