Президенттік жастар кадр резервіне алынған 50 азамат анықталды

27 Желтоқсан 2021, 13:01
1575
Бөлісу:
Президенттік жастар кадр резервіне алынған 50 азамат анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуінің қорытындылары бойынша үміткерлер есімі анықталды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл мәлім етті. 


ҚР Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның шешіміне сәйкес, бүгін президенттік жастар резервіне қабылданған 50 адамның есімі жарияланатын болады. Резервке алынған барлық үміткерлерді шын жүректен құттықтаймын! Сондай-ақ осы ауқымды жобаның барша қатысушыларына жеке алғысымды білдіремін, -деді академия ректоры.

Сонымен қатар Ерлан Әбіл іріктеудің қалай ұйымдастырылғанын айтты.

Мемлекеттік басқару академиясы жобаны 4 бағыт бойынша іске асырып жатыр.Біріншіден, біз мемлекеттік тілге меңгеру дейінгейін анықтаймыз. Мемлекеттік тілге қатысты ресми белгіленген тестті онлайн тапсыруды ұйымдастырдық. Қатысушылар үшін 10 мың промокод бөлінді. Сонымен қатар жастар кадр резервіне тіркелген үміткерлер үшін ақысыз негізде курстар да қарастырылды, -деді Ерлан Әбіл.

Өзгелердің жаңалығы