"Президеттік кадр резервіне" 46 шетелде жүрген қазақстандық қатысты

24 Қазан 2019, 11:22
2786
Бөлісу:
"Президеттік кадр резервіне" 46 шетелде жүрген қазақстандық қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Жаилғанова Анар "Президенттік жастар кадр резервіне" іріктеу барысы қалай өткенін айтты.

"Іріктеуге қатысу үшін тіркеу рәсімінен 13 212 адам өтті, оның ішінде қыркүйек айының соңына дейін 7312 үміткер тіркеу рәсімін толық аяқтады. "Қабілеттерді тестілеуге" 5745 үміткер қатысып, тестілеуді верификациялауға 902 үміткер жіберілді. Сонымен қатар үміткерлердің ішінде шетелде жүрген 46 қазақстандық бар. Шетелдерден қатысушылар, атап айтқанда Ресейден -10, АҚШ - 4, Ұлыбританиядан - 3, Түркиядан - 3 адам қатысып жатыр", - деп атап өтті Анар Жаиылғанова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 
Қазіргі уақытта қатысушылардың құжаттарын қабылдау, тестілеу, қабілетті тексеру секілді іріктеудің 3 кезеңі аяқталды. 4 кезеңде сарапшылармен сұхбат өтпек. Одан өткен үміткерлер Президент Әкімшілігі құратын комиссия ірбір үміткермен жеке-жеке әңгімелеседі. Ең жоғары балл жинаған кандидаттарды "Президенттік жастар резервіне" қабылдау туралы шешім қабылдайды. 

Айта кетерлік жайт, сағаттық белдеулердегі айырмашылықты ескере отырып, сондай-ақ барлық іріктеуге қатысушылардың қолайлығы үшін тесттерді демалыс күндері тапсыру және ол үшін өз бетінше ең қолайлы уақыт аралығын белгілуге мүмкіндік берілді. Үміткерлер тестілеуді онлайн-платформада өтті.  

"Верификация нәтижелері бойынша 22 қазан - 3 қараша аралығында өтетін келесі "Әлеуетті бағалау" кезеңіне өту мүмкіндігі шектеулі уақыт жағдайында сандық және мәтіндік материалдарды талдау қабілетін анықтауға арналған тестілер қорытындысы бойынша ең жақсы балл жинаған қатысушыларға ұсынылады. "Әлеуетті бағалау" кезеңі 3 құрамдас бөліктен тұрады: эссе жазу, жобаны ұсыну, құзыреттерді бағалау. Эссе жазу және жобаларды таныстыру видео және аудио тіркеудің көмегімен pkrezerv.kz автоматтандырылған жүйеде онлайн түрде жүзеге асырылады", - деді Анар Жаилғанова.



Өзгелердің жаңалығы