Президенттік кадрлық резерв: Іріктеудің әр кезеңін тиісті қызмет саласының мамандары бағалайды

24 Қазан 2019, 12:55
1646
Бөлісу:
Президенттік кадрлық резерв: Іріктеудің әр кезеңін тиісті қызмет саласының мамандары бағалайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іріктеудің әр кезеңін тиісті қызмет саласының мамандары бағалайды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Қазіргі уақытта эссе мен жеке жоба жұмыстарын бағалау үшін сарапшылар пулы анықталған және оның құрамына академиялық орта, мемлекеттік қызметкерлер және кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен зерттеу мекемелерінің өкілдері кіреді. 

Кандидаттың әрбір эссесін және жобалық жұмысын бір уақытта үш сарапшы онлайн режимде бағалайды. Қорытынды баға сарапшылардың бағаларының орташа мәнінен құрылады. 

Құзыреттілікті бағалау туралы айтар болсақ, оны өткізу үшін арнайы оқудан өткен сертификатталған бағалаушылар тартылады. Сондай-ақ, біліктілікті бағалау рәсімдерінің сапасын арттыру үшін бағалаушылардан кейін кәсіби супервизорлар қарайды. 

Жалпы, кандидаттардың әлеуетін бағалау кезеңін 20 қарашада аяқтау көзделген. 

Кандидаттардың Сарапшылар комиссиясымен сұхбаттасуы 27 қараша мен 13 желтоқсан аралығында өтеді. Бұл кезеңде алдынғы іріктеу кезеңдеріндегі ұпайлар жиынтығы бойынша ең жақсы нәтижелерді көрсеткен 400-ге жуық адам жіберіледі.

Сараптамалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын, 330-дан аспайтын ең жақсы қатысушыдан тұратын тізім жасалады. Резервке қабылдау туралы түпкілікті шешімді Ұлттық комиссия қабылдайды.

"Әрбір кандидат өзінің нәтижесін үнемі қадағалай алуы үшін, біз қатысушыларға сайтта өздерінің жеке кабинетінде өз рейтингтерін қадағалай алатын мүмкіндік бердік", - деді Анар Жаилғанова. 

Тестілеуді тексеру кезеңінен бастап, әрбір келесі кезең үшін мүмкін болатын 100% шаманың белгілі бір пайызы келеді. Сонымен, тексеруге 10%, жобаны таныстыруға – 9%, эссеге – 15%, құзыреттілікті бағалауға – 36%, сұхбаттасуға –30%.



Өзгелердің жаңалығы