Президентті ҚХР мен АҚШ басшылары Наурыз мейрамымен құттықтады

20 Наурыз 2023, 19:34
1012
Бөлісу:
Президентті ҚХР мен АҚШ басшылары Наурыз мейрамымен құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан  құттықтаулар келіп түсіп жатыр, деп хабарлайд  BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ел Үкіметі мен халқының, сондай-ақ өзінің атынан жолдаған құттықтау жеделхатында  достас Қазақстан халқына бақ-береке, ал Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық және оның жауапты жұмысына табыс тіледі.

 Мен Қытай және Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуына айрықша мән беремін. Сіздің Қытайға мемлекеттік сапармен келетініңізге және биыл мамыр айында өтетін алғашқы «Қытай – Орталық Азия» саммитіне қатысатыныңызға қуаныштымын. Екі елдің ынтымақтастығын  одан әрі дамыту, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланысты нығайту мәселелері жөнінде өзіңізбен пікір алмасамыз деп сенемін, – деп жазылған Си Цзиньпиннің жеделхатында.

АҚШ Президенті Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.

 Елдеріміздің арасындағы өзара стратегиялық серіктестік пен халықтарымыздың достық қарым-қатынасы бүкіл аймақтағы бейбітшілікті сақтауға және өңірді өркендетуге септігін тигізеді. Бүгін Астанадан Алматыға дейінгі және бүкіл ел тұрғындары көктемгі жаңару мерекесін тойлайды. Қазақстанның жарқын болашағын және елде тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін Сіздің саяси және экономикалық реформаларыңызды Америка Құрама Штаттары әрдайым қолдайтынын растаймын. Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! – деп жазған Джо Байден.

Өзгелердің жаңалығы